Мемлекеттік қызметшілердің коммуникациялық құзыреттерін дамыту
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-943Түйін сөздер:
коммуникативті құзыреттер, мемлекеттік қызметшілер , партисипативті тәсіл , оқыту бағдарламаларыАңдатпа
Заманауи Қазақстанның коммуникативті тәжірибесі мемлекеттік аппарат ашықтығының көрсеткіші және қоғамдық қатынастар саласында конструктивті өзара әрекеттесуді құру қажеттілігіне бағытталған сын – қатерлер болып отыр. Аталғанға байланысты осы зерттеу жұмысы мемлекеттік қызметшілердің коммуникативті құзыреттерін дамыту мәселелерін қарастырады. Статистикалық мәліметтерді, мемлекеттік қызметшілер арасындағы әлеуметтанулық сауалнаманы және Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстары мен бағдарламаларын талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметті кәсібилендіру процестері зерттелді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттің стратегиялық құжаттарында белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруда серпінді және сапалы тәсілдерге бағдарланғанын көрсетті. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы мемлекеттік қызметшілерді коммуникациялық құзыреттіліктерді дамыту шеңберінде өзара жауапкершілік пен ынтымақтастыққа негізделген бірлескен қызметке тарту негізінде оқыту мәселелерін шешуде жатыр. Алынған нәтижелерді мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелерімен байланысты ғылыми-зерттеу және әлеуметтік тәжірибенің перспективалық бағыттары үшін пайдалануға болады.
Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы (AP14872210) аясында жазылды.