Журнал туралы

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» ғылыми журналы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК меншігіндегі мерзімді басылым болып табылады.

ISSN 1994-2370

Редакциялық саясат

Журналдың басты мақсаты Қазақстан Республикасының және басқа елдердің мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы оң тәжірибені жариялау, мемлекеттік қызметшілерді даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және ақпарат алмасуда болып табылады.
Журналда отандық ғалымдар мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ шетелдік сарапшылардың ғылыми зерттеулерінің, эксперименттік тәжірибелерінің нәтижелері көрсетіледі.

Журнал қазақстандық ғылыми-ақпараттық жүйенің бөлігі ретінде келесі міндеттерді шешуге қатысады:
- мемлекеттік басқару органдары мен мекемелерінің қызметін ғылыми ақпаратпен қамтамасыз ету;
- ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін көрсету және жариялау;
- ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал ететін ашық ғылыми полемиканы қалыптастыру;
- жас ғалымдардың, докторанттардың, магистранттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жедел жариялауға ықпал ету.

Журнал тақырыбы келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
– Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет;
– Экономика;
– Халықаралық қатынастар.

Журнал халықаралық қатынастар саласы бойынша диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізілген (ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының 2022 жылғы 28 қаңтардағы №22  бұйрығы).

Журнал тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Журналдың шығу мерзімділігі – тоқсан сайын бір рет, яғни жылына 4 (төрт) рет.

Жариялау үшін келіп түсетін барлық мақалалар жабық («жасырын») рецензиялаудан өтуі тиіс. Мақалаларды рецензиялаудың тәртібі

Журнал "ҰМҒТСО" АҚ қазақстандық дәйексөз дерек қорында индекстеледі, 2018 жылғы импакт-фактор – 0,058.

Ресей ғылыми дәйексөз индексіне (РҒДИ) elibrary.ru платформасына енгізілген.

"Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет" журналында мақаланы жариялау авторлар үшін тегін. Редакция авторлардан материалдарды дайындау, орналастыру және басып шығару үшін ақы алмайды.

Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген. Тіркеу туралы куәлігінің №KZ21VPY00034765 20.04.2021 ж. (журналдың алғашқы тіркеуге қойылған күні мен нөмірі – 25.04.2002, № 2848-Ж)

"Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет" журналы өз контентіне ашық түрде қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Қазпочта» АҚ каталогындағы жазылу индексі - 74207.

Редакция мекен-жайы:
010000, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы, 33а, 3.327 каб.
Тел.: +7 7172 75 34 97
e-mail: journal@apa.kz
https://journal.apa.kz