Зияткерлік көші-қон контекстінде Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби білімдері мен құзыреттерін қолдану тиімділігін талдау

Автор(лар)

  • Бауржан Бокаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы https://orcid.org/0000-0002-1037-7085
  • Азат Каймолдиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-222

Түйін сөздер:

зияткерлік көші-қон, зияткерлік әлеует, Қазақстан, шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасы, мемлекеттік басқару

Аңдатпа

2013 жылдан бастап Қазақстанда білікті мамандардың кетуі байқалады, бұл құбылыс нәтижесінде елдің зияткерлік әлеуетіне әсер етуде.

Шетелде оқуды аяқтаған 1111 қазақстандыққа жүргізілген сауалнама және шетелдік жоғары оқу орындарының 30 түлегі арасындағы терең сұхбат негізінде шетелде оқудың негізгі себептері, Қазақстанда зияткерлік әлеуетті қолдануға кедергі келтіретін факторлар, сондай-ақ шетелде қалуға немесе Қазақстанға оралуға итермелеген себептер талданды.

Зерттеу нәтижелері түлектердің зияткерлік әлеуетін қолдануға: елдегі бюрократияның жоғары дәрежесі (34,5%), жалақының төмендігі (28,3%), тиімді жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлардың болмауы (26,8%) әсер ететінін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың тек 21,3%-ы алған білімдері мен дағдыларын толық қолданады. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 60,5%-ы тұрақты тұру үшін басқа елге көшуге дайын.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 487 |

Жарияланды

2021-06-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Бокаев, Б., & Каймолдиев, А. (2021). Зияткерлік көші-қон контекстінде Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби білімдері мен құзыреттерін қолдану тиімділігін талдау. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2 (77), 95-108. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-222

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР