Авторларға арналған ақпарат

МАҚАЛАЛАРДЫ ҚАРАУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

  1. Журналда жариялауға бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған тек түпнұсқалық және барлық бірлескен авторлармен мақұлданған ғана мақалалар қабылданады.
  2. Редакцияға келіп түскен барлық мақалалар міндетті түрде екі жақты рецензиялаудан өтеді.
  3. Мақалалар журналдың талаптары мен ұсынымдарына сәйкес болған жағдайда қарауға қабылданады.
  4. Осы Ережеде баяндалған талаптарға сәйкес келмеген қолжазбалар тіркелмейді және одан әрі қарауға жіберілмейді, бұл туралы авторлар хабарланады.

Мақалаларды жариялаудан дәлелді түрде бас тарту үшін келесі жайттар негіз болады:
– ұсынылған материалдың Журнал тақырыбына сәйкес келмеуі;
– материалды жариялауға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
– ұсынылған материалға сарапшының теріс қорытындысы;
– плагиат фактілерінің немесе заңсыз алып пайдаланудың басқа түрлерінің анықталуы;
– материал авторының қолданыстағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманы сақтамауы;
– рецензенттердің ескертулеріне сәйкес мәтінді қайта өңдеуден бас тарту және т.б.
Сонымен қатар Журналда келесі мәліметтер жарияланбайды:
– бұрын басқа басылымдарда жарияланған авторлық материалдар;
– бұрын жарияланған нәтижелермен салыстырғанда жаңа ақпараттары жоқ немесе түзетуге келмейтін нақты, тарихи не өзге де қателері бар мақалалар, сондай-ақ белгілі ғылыми фактілерге тікелей қарама-қайшы келетін тұжырымдар мен болжамдарды қамтитын мақалалар;
– кез келген мазмұндағы, оның ішінде ғылыми тақырыптағы әдеби-көркем және публицистикалық туындылар;
– жеке және заңды тұлғаларға қатысты кемсіту, жала немесе көрінеу жалған ақпаратты қамтитын мақалалар.
МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Ерекше авторлық зерттеу нәтижелері бар ғылыми стильде баяндалған, Журналдың ғылыми, тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және мәтінде сол тақырып бойынша қазіргі отандық және шетелдік зерттеулер келтірілген мақалалар қарауға қабылданады.
  2. Редакцияға келіп түскен ғылыми жұмыстар мен шолулар басқа басылымдарда жарияланбауы немесе жариялауға арналмауы тиіс.
  3. Мақала келесі критерийлерге сай болуы тиіс:
  • жұмыстың өзектілігі және журналдың негізгі ғылыми бағыттарына сәйкестігі (маңыздылығы, мақалада баяндалған идеялардың, әдістердің, технологиялардың қолданылуы);
  • ғылыми жаңалығы (идеялардың түпнұсқалығы, зерттеудің қойылған міндеттерінің шешімін табуы);
  • құрылымдылығы (логикалық, жүйелілігі, баяндаудың байланыстығы);
  • зерттеудің негізгі нәтижелерінің маңыздылығы (нәтижелердің баяндалуы, теориялық және практикалық маңыздылығы, тұжырымдар, ғылыми-әдәстемелік мәні);
  • қолжазбаның әдеби деңгейі (коммуникативтік құндылығы, ғылыми стильге, тілдік және стилистикалық нормаларға сәйкестігі);
  • рәсімделу сапасы: редакцияның талаптарына сәйкестігі, терминологиялық лексиканың, түәндә сөздердің пайдаланылуы, үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) аңдатпаның, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы;
  • Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша заңнаманың сақталуы.
  1. Мақалада келесі деректер көрсетілуі тиіс:
  • Мәселенің жалпылама түрде қойылуы және оның маңызды ғылыми немесе тәжірибелік міндеттермен байланысы;
  • мәселенің шешімі басталған және автор сүйенетін соңғы зерттеулер мен жарияланымдарды талдау, мақалада берілген жалпы мәселенің бұрын шешілмеген бөлігін бөліп көрсету;
  • мақаланың мақсатын қалыптастыру (міндеттер қойылуы);
  • қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді толық дәлелдей отырып, негізгі зерттеу материалдарын баяндау;
  • зерттеуде берілген тұжырымдар және бағыт бойынша алдағы зерттеулердің келешегі.
  1. Мақала құрылымы:

ӘОЖ (УДК) және ҒТАХТК (МРНТИ)
Мақаланың қолжазбасында ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу) және ҒТАМТК (Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық топтамасының коды) болуы міндетті, олар мақала атауынан жоғары сол жағына орналастырылады.
JEL-кодтары
3–4 JEL-кодтары. JEL-кодтардың толық тізімі - https://www.aeaweb.org/jel/guide/jel.php сайтында берілген.
Атауы
Мақаланың атауы қысқа, бірақ ақпаратты болуы және қысқартулар қолданбауы тиіс. Мақаланың атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (жартылай қара қаріппен, кегль 16 тармақты), авторлар туралы деректерден бір бос жол арқылы бөлініп ұсыну керек.
Авторлардың аты-жөні, қызмет орны
Мақаланы жібермес бұрын, қолжазбада сізді немесе бірлескен авторларыңызды анықтайтын ақпараттың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Аталған талаптарды бұзу кодтау процесіне қиындық келтіреді және рецензиялауды кідіртеді. Осыған байланысты, авторлар туралы мәліметтер негізгі мәтіннен бөлініп көрсетілмеген мақалалар тіркеу кезеңінде қайтарылуы (қайта өңдеуге жіберілуі) мүмкін. 
Авторлардың жеке деректерін мақала атауының алдында келесідей кезектілік бойынша үтір арқылы орналастыру керек: аты, әкесінің аты, тегі, ғылыми/академиялық дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны (ұйымның толық аударылған, ресми қабылданған атауы, ведомствосын көрсете отырып), мекен-жайы, e-mail, ORCID, Scopus ID, ResearcherID (болған жағдайда).
Авторлар туралы мәліметтер үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) және курсивпен беріледі, аты-жөні жартылай қара қаріппен бөлініп көрсетіледі. Мақаланың тең авторларының әрқайсысы туралы мәліметтер блогы бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.
Аңдатпа
Аңдатпа (80-120 сөз) мақала атауынан кейін, мақала жазылған тілден бастап, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Аңдатпаның құрылымы мақала құрылымына ұқсас етіп жазылады (мәселені қысқаша негіздеу, материалдар мен әдістер, нәтижелер және талқылау).
Түйін сөздер
Мақаланың мәтінін іздеу, оның пәндік аймағын анықтау және индекстеу үшін пайдалануда болатын 5-7 түінді сөз немесе қысқаша сөз тіркестері.
Кіріспе
Зерттеудің жалпы тақырыбы, жоспарланған жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, теориялық және практикалық маңыздылығы, өзектілігі сипатталады, зерттелетін тақырып бойынша ең танымал және беделді басылымдар келтіріледі, шешілмеген мәселелер белгіленеді.
Материалдар мен әдістер
Нәтижелерді алу үшін қолданылған әдістер, соның ішінде деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістері сипатталған.
Нәтижелер (жіктеме)
Зерттеу барысында алынған эксперименттік немесе теориялық нәтижелерді (деректерді) сипаттау және түсіндіру.
Талқылау және тұжырымдар
Қорытындыларды тұжырымдау, алынған деректер туралы болжамдар, нәтижелерді басқа авторлардың нәтижелерімен салыстыру, осы саладағы зерттеулер мен ұсыныстардың негізгі бағыттарын анықтау.
Қаржыландыру көзіне сілтеме (болған жағдайда)
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған мақалаларда әдебиеттер тізімінің стандартты тақырыпшасы "ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ" / "СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ", ал ағылшын тіліндегі мақалаларда "REFERENCES" және АРА стиліне (АРА style, Seventh edition) сәйкес ресімделеді.
Әдебиеттер тізімі келтірілмеген мақалалар қаралмайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі туралы толық библиографиялық ақпарат құжаттың соңындағы әдебиеттер тізімінде және екі бөлімде келтіріледі: бірінші бөлім - дереккөздердің түпнұсқалық тіліндегі әдебиеттер тізімі, екінші бөлім - REFERENCES, мұнда барлық дереккөздер қазақ және орыс тілдерінде латын тіліндегі транслитерациямен (транслитерация үшін келесі сервисті пайдалануға болады https://translit.net/) және ағылшын тіліндегі дереккөздің аударма нұсқасы берілуі тиіс.
Әдебиеттер тізіміндегі жазбалар әр жұмыстың бірінші авторының тегі бойынша әліпби ретімен орналастырылуы тиіс.
Мәтіндегі дереккөздердің аталуы келесі үлгі бойынша көрсетіледі және жақшамен белгіленеді (мәтіннің тұжырымына байланысты), мысалы:
– (Bryson, et. al. 2014, pp. 445-456);
– (Bryson, Crosby, Bloomberg, 2014; Carey, 2019);
– Bryson (2014) мақаласында … ;
– (National Cancer Institute, 2019).
Автордың тегі мен жарияланған жұмысының жылы үтір арқылы ажыратылып қолданылады. Ақпаратты нақтылау қажет болса беттердің, тараулардың немесе бөлімдердің нөмірлері қосымша көрсетіледі.
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісін жүктеу
Дизайн стилі туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

  1. Көлемі кемінде 8 беттен немесе кемінде 28 000 баспа белгісінен (аралықтар мен сілтемелерді қоса алғанда)тұратын мақаланың мәтіні қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде электронды нұсқада (құжаттар *.doc, *.docx немесе *.rtf форматтарында қабылданады) келесі өлшемдерді сақтай отырып ұсынылады:
  • Arial қарпі, негізгі мәтіннің қаріп мөлшері – 11 пт, суреттер, диаграммалар – 10 пт, жоларалық арақашықтығы – бір жол;
  • сол жақ жиегі – 2,25 см, оң жағы – 2,25 см, жоғарғы және төменгі жиегі – 2 см;
  • кестелік сілтемелер кестеден кейін орналасады, сілтемелер (жұлдызшалар) мәтінде тиісті беттің төменгі жағына қойылады;
  • әдебиеттерге сілтемелерді беттің төменгі жағында сілтеме түрінде беруге рұқсат етілмейді.
  1. Мақаланың қосымшалары болмауы тиіс (ерекше жағдайларда мақаланың негізгі мәтініне ұқсас өлшемдермен берілген, 1 беттен аспайтын қосымшаларға рұқсат етіледі).
  2. Суреттердің сапасы 300 dpi төмен болмауы тиіс. Барлық суреттер, диаграммалар, кестелер және өзге де көрнекі материалдар мәтіндік файлдың ішіне орналастырылады. Диаграмманың координаттары, сегменттерінің ортасындағы жазбалар мен суреттердің өзге де мәтіндік элементтері тек Arial қарпін пайдалану арқылы рәсімделеді. Басқа қаріптерді пайдаланған жағдайда иллюстрация жарияланбайды.
  3. Журналға жіберілетін мақаланың мазмұны, барлық сандық деректер мен ақпараттар авторлардың мұқият тексеруінен өтуі тиіс.
  4. Мәтін тиісті тілдің (қазақ, орыс немесе ағылшын) стилистикалық, орфографиялық және синтаксистік нормаларына сай болуы керек. Мәтіннің сапасының төмен болуы мақаланы жариялаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
  5. Авторлардың тәртібі дұрыс көрсетілгеніне авторларға көз жеткізуге кеңес беріледі. Мақала жариялауға қабылданғаннан кейін авторлыққа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  6. Жарияланатын материалдардың сапасын қамтамасыз ету және авторлық құқықтарды сақтау мақсатында келіп түсетін барлық мақалалар плагиатты анықтаудың арнайы электрондық "Антиплагиат" жүйесі арқылы тексеріледі, жариялануға қарастыру кезінде мәтіннің түпнұсқалығы 70% кем болмайтын мақалаларға ғана жіберіледі.
  7. Журналдың меншік иесі мен редакциялық алқа автордың мақаласында келтірілген ақпараттың растығына жауап бермейді.
  8. Автор Журналға мақаланың қолжазбасын жібере отырып, зерттеудің түпнұсқалығына, ол жүргізген деректердің, фактілердің, цитаталар мен меншік иесі есімдерінің, географиялық атаулардың, аты-жөні мен тегінің және өзге де мәліметтердің дұрыстығына және нақтылығына, сондай-ақ ашық түрде жариялауға жатпайтын деректерді мақалада орналастырғаны үшін жеке жауап береді және Журналдың меншік иесіне оны баспасөзде жариялау арқылы таныстыруды тапсырады.
  9. Автор Журналда жариялау үшін мақала мәтінін ұсына отырып, өзі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығына, мақаланың қолжазбасында плагиат пен заңсыз алып пайдаланудың басқа түрлерінің жоқтығына, шеттен алып пайдаланылған барлық мәтіндердің, кестелер мен сызбалардың, суреттердің тиісінше ресімделуіне кепілдік береді.
  10. Автор Журналға берілген мақаланың пайдалануға ерекше құқығының бар екендігіне кепілдік береді. Бұл кепілді бұзған жағдайда және осыған байланысты Журналдың меншік иесіне немесе редакциялық алқаға наразылық айтылған жағдайда автор барлық наразылықтарды өз бетінше және өз қаражаты есебінен реттеуге міндеттенеді. Журналдың меншік иесі және редакциялық алқа автордың аталған кепілді бұзғаны үшін үшінші тұлға алдында жауап бермейді.
  11. Журналға жариялау үшін материалдарды жіберу автордың жоғарыда келтірілген талаптармен келіскендігін білдіреді.
  12. Мақаланы қайта басу кезінде Журналға сілтеме міндетті түрде болуы тиіс.
  13. Ұсынылған материалдың жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмеуі мақаланы тіркеу кезеңінде одан бас тарту үшін себеп болуы мүмкін.
  14. Мақаланы жариялау туралы шешімді редакциялық алқа қабылдайды. Мақаланың мәтініне, авторлармен келіспей, редакциялық түзетулер  немесе қысқартулар енгізілуі мүмкін.