Көпшілік қызметшінің электрондық паспортынан персоналды басқару мен мансаптық жоспарлаудың интегральды талдау жүйесіне дейін

Автор(лар)

  • Г.К. Исенова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Түйін сөздер:

мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі, мансаптық жоспарлау, мемлекеттік қызметшінің электрондық төлқұжаты

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы мемлекеттік (көпшілік) қызметшісінің электрондық паспортын әзірлеу кезінде инновациялық тәсіл ұсынылады, оның негізінде жеке мансаптық жоспарлау жүргізіледі.
Автор меритократия принципі: кәсібилік, сіңірген еңбегі, этикалық нормаларды сақтау бойынша кадрларды іріктеу мен ілгерілету жүйесіне негізделген жаңа қазақстандық үлгі жағдайында мемлекеттік қызметшіге қойылатын өлшемдерге қарай әрбір мемлекеттік (көпшілік) қызметші бойынша мемлекеттік органдардың деректер қорын қалыптастыруды ұсынады. Автор мемлекеттік қызметке кірген сәттен бастап, іскерлік мансапты жоспарлау үшін ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігіне назар аударады, бұл персоналдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қызметкерлерді жаңа мамандықтарды меңгеру және кәсібилігін арттыру үшін ынталандыруға мүмкіндік береді. Агрегирленген және зияткерлік іздестіру жүйесі жеке мемлекеттік қызметшінің кәсіби дамуы бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың сапасын бағалауға негіз болады.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 48 |

Жарияланды

2013-12-25

Дәйексөз келтіру үлгісі

Исенова, Г. (2013). Көпшілік қызметшінің электрондық паспортынан персоналды басқару мен мансаптық жоспарлаудың интегральды талдау жүйесіне дейін. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4), 49-54. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/686

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ