Мемлекеттік қызметтердің онтологиясы: мемлекеттік функциялардың өнімділігінің бірнеше есе өсу құралы
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-75-4-65-79Кілт сөздер:
государственные услуги, взаимодействие государства и граждан, слышащее государство, онтологическое моделирование, процесс принятия решенийАңдатпа
Соңғы кездерде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын, жылдамдығын және тиімділігін арттыру мәселелері мемлекеттік басқарудағы өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Мақалада онтологиялық модельдеуді мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызметті қайта жоспарлау кезінде қолдану тәжірибесі талқыланады. Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсету саласының қысқаша сипаттамасы келтірілген, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай операторының (провайдерінің) тұжырымдамалық бизнес-моделін құру тәсілдері сипатталған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің («Азаматтарға арналған үкімет») қызметін трансформациялау мысалын қолдана отырып, менеджмент жүйесінде пәндік саланы модельдеудің заманауи әдістерін қолдану мүмкіндіктері көрсетілген және мемлекеттік функцияларды ұсыну үшін ресурстарды басқару мүмкіндіктері бағаланған.
Зерттеудің маңызды нәтижесі - оңтайландыру резервтерінің бағасын алу және мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдерінің тиімділігін арттыру.
