Қазақстанның көші-қон саясатының мәселелері мен мүмкіндіктері

Автор(лар)

  • Рымкуль Исмаилова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Бауыржан Боқаев Сиракуз университеті

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-73-2-4-14

Түйін сөздер:

эмиграция, иммиграция, көші-қон бағдарламасы, репатриант, сыртқы көші-қон сальдосы, иммиграцияға квота

Аңдатпа

Мақалада соңғы жиырма жылда Қазақстан көші-қон саясатын іске асыруға қатысты бұрын қабылданған немесе қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды талдау негізінде қысқаша баға берілді. Сонымен қатар, ресми деректер бойынша ел халқының көпшілігі Ресей мен Беларуське тұрақты тұруға баратындықтан, ЕАЭО-ға мүше елдер мен Қазақстан мысалында көші-қон процестеріне әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ықпалына талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатын іске асыру тиімділігінің төмен деңгейінің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік берді. Елден жоғары білікті мамандардың кетуін азайту мақсатында көшіп-қонушылардың өмір сүру сапасын арттыруға және тұрғылықты халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған көші-қон қызметін реттеу бойынша жаңа тәсілдер ұсынылды.

Зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (грант № АР05136246).

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 302 |

Жарияланды

2020-06-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Исмаилова, Р., & Бокаев, Б. (2020). Қазақстанның көші-қон саясатының мәселелері мен мүмкіндіктері. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2 (73), 4-15. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-73-2-4-14

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары