Қазақстанның көші-қон саясатының мәселелері мен мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-73-2-4-14Кілт сөздер:
эмиграция, иммиграция, миграционная программа, репатриант, сальдо внешней миграции, квота на иммиграциюАңдатпа
Мақалада соңғы жиырма жылда Қазақстан көші-қон саясатын іске асыруға қатысты бұрын қабылданған немесе қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды талдау негізінде қысқаша баға берілді. Сонымен қатар, ресми деректер бойынша ел халқының көпшілігі Ресей мен Беларуське тұрақты тұруға баратындықтан, ЕАЭО-ға мүше елдер мен Қазақстан мысалында көші-қон процестеріне әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ықпалына талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатын іске асыру тиімділігінің төмен деңгейінің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік берді. Елден жоғары білікті мамандардың кетуін азайту мақсатында көшіп-қонушылардың өмір сүру сапасын арттыруға және тұрғылықты халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған көші-қон қызметін реттеу бойынша жаңа тәсілдер ұсынылды.
Зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (грант № АР05136246).