Мемлекеттік қызметшінің бейнесіне қатысты
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1201Түйін сөздер:
мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, бейне, бұқаралық сана, қабылдау таптаурыны, бюрократиялық әдеттік, мінездік үлгі, қатысымдық мәдениеті, «халық үніне құлақ асатын мемлекет», бюрократиядан арылтуАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыру үрдісіне ретроспективті контент-талдау жасауға әрекет жасалды. Бұқаралық санада априори бар мемлекеттік қызметші туралы бастапқы түсініктің және азаматтардың білімі мен жеке тәжірибесі негізінде түзіліп қалыптасқан бейнесінің пайда болу себептері мен шарттары қарастырылады. Мемлекеттік қызметшіні қабылдаудың теріс стереотипі жаңғырту үрдістерінің шегін едәуір шектейді деген қорытынды жасалады. Автор мемлекеттік қызметтің құқықтық және әлеуметтік құрамдас бөлігінің өзгеруіне байланысты мемлекеттік қызметшілердің идеал және нақты бейнесі арасындағы алшақтықты жою үшін кейбір шараларды ұсынады.
Зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (BR18574203) қаржыландырды.