Корпоративтік мәдениетті дамыту мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін арттыру құралы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-914Кілт сөздер:
корпоративная культура, государственные служащие , государственная служба , рабочий режим , меритократия , условия труда , этика , взаимоотношенияАңдатпа
Мақала жергілікті атқарушы органдарда корпоративтік мәдениетті зерттеуге арналған. Авторлар мемлекеттік қызметшілердің соңғы екі жылдағы сауалнамасының нәтижелеріне талдау жасап, бұл қызметкерлердің мемлекеттік органның қолданыстағы корпоративтік мәдениетіне қанағаттану дәрежесі туралы түсінік қалыптастыруға және осал жерлерді, соның ішінде еңбек нормативтерін, моральдық-психологиялық ахуалды, мамандардың жетіспеушілігін, қызметшілерді марапаттау жүйесін және т. б. анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері бойынша аппарат басшылары үшін жұмыс режимін сақтау бойынша негізгі нысаналы индикаторларды белгілеу, функционалдық талдау жүргізу арқылы персоналдың оңтайлы санын айқындау, көтермелеу үшін кандидатураны айқындау кезінде жасырын дауыс беру жүйесін қолдану, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды басқарудың төмен тұрған деңгейлерін әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымымен қамту арқылы мәдениетті жақсарту бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді.
