Қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында құжаттар мен тапсырмаларды бақылауды ұйымдастыру туралы
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-50Кілт сөздер:
Поручение, документ, контроль исполнения, контрольная деятельность, удаленка, удаленная работа, специальные каналы связи, онлайн-режим, электронный документ, реквизит, электронно-цифровая подпись, бумажный документ, база данных, отчетная информация, экспертное заключение, облачный инструмент, цифровизация, автоматизация, защита информации, информационный ресурс, профильное структурное подразделениеАңдатпа
Мемлекеттік органдардағы қызметтің көп бөлігін құжаттар мен тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру алады. Қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеуі жағдайында бақылау қызметі мен құжат айналымын қамтамасыз ету мәселелері мемлекеттік органдар мен ұйымдардың күн тәртібіне енгізілді. Мақалада құжаттарды қараудың барлық кезеңдері мен процестерін қамтитын құжаттар мен тапсырмаларды бақылауды ұйымдастырудың қолданыстағы және мүмкін болатын тәжірибелік тәсілдері көрсетілген: қабылдау, ресімдеуді бақылау, тіркеу, бөлу, адресаттарға жіберу, қарау, орындау, келісу, сараптама, бұрыштама қою, шешім қабылдау, қол қою, құжат авторына жіберу. Кезеңдер мен процестердің әрқайсысы бойынша олардың цифрландыруға және онлайн-режимде жұмысқа көшуге дайындығы сипатталған. Қолданыстағы құжат айналымы жүйесімен қатар және ақпаратты қауіпсіз қорғау режимінде орнатуға және жұмыс істеуге болатын қашықтықтан жұмыс істеуге арналған арнайы ақпараттық жүйелерді құру, әзірлеу және енгізу идеясы қарастырылуда.
