КӘСІПОРЫННЫҢ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МАНСАПТЫҚ ӨСУІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1263Түйін сөздер:
адам ресурстарын басқару, ынталандыру, мансаптық өсу, ынталандыру жүйесі, кәсіпорынАңдатпа
Бүгінде ұйымдар бәсекеге қабілетті болу үшін және стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін өз қызметкерлерін ынталандыру мен дамытуға аса мән беріп отыр. Дұрыс әзірленген ынталандыру жүйесі қызметкердің сол ұйымда жақсы жұмыс жасауымен қатар, оның кәсіби дамуына ынтасын арттырады.
Бұл зерттеудің мақсаты Ақтөбе қаласындағы алдыңғы қатарлы мұнай-газ кәсіпорнындағы ынталандыру жүйесінің қызметкердің мансаптық өсуге байланысын, сонымен қатар қызметкерлердің жұмысқа деген құлшынысына әсерін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорында адам ресурстарын басқару жүйесін зерттеу, кәсіпорындағы ынталандырудың жұмыс процесіне әсерін анықтау және ынталандырудың мансапты басқаруға әсерін талдау жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу барысында мәлімет жинау үшін сауалнама әдісі қолданылды. Шынайы ақпаратқа қол жеткізу мақсатында сауалнама анонимді түрде әзірленіп, электронды нұсқада таратылды. Жұмыстың ауырлығы, уақыттың тығыздығы және заманауи девайстарды жеткілікті деңгейде қолдана алмауы себепті жалпы саны 187 қызметкерден кері байланыс орнады. Осы сауалнама нәтижелерін қолдана отырып, SPSS Statistics бағдарламасының көмегімен ұйымның ынталандыру жүйесі және қызметкерлердің мансаптық өсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігі, сондай-ақ, қызметкерлердің жұмысқа құлшынысына кәсіпорынның ынталандыру жүйесінің қатты әсер ететіндігі анықталды. Сондай-ақ, кәсіпорынның ынталандыру жүйесін жетілдіру және қызметкерлердің жұмысқа деген құлшынысын арттыру бойынша ұсыныстар жасалды.