Билік органдары қызметінің жалпылама санатын айқындау
Түйін сөздер:
басқарушылық процесіндегі реинжиниринг, басқарушылық қызмет көрсету, бұқаралық қызмет көрсету, әкімшілік қызмет көрсету, қызмет көрсетудің классификациясы, әкімшілік реформаАңдатпа
Мақалада мемлекеттік және муниципалдық билік органдарының қызмет көрсету аясындағы ұғымдық- категориялық аппаратының базалық дефиницияларының қалыптасу мәселелері қарастырылады.
Мемлекеттік басқару саласында «бұқаралық қызмет көрсету» ұғымын тәжірибеде пайдаланудың мүмкін еместігі дәлелденеді. Украинаның нормативтік құқықтық актілерінде «әкімшілік қызмет көрсету» терминінің аталуын қайта қарау ұсынылады. Қазіргі ғылымда және тәжірибеде «басқарушылық қызмет көрсету» түсінігін мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сервистік қызметінде алғашқы ұсынылған классификация негізінде біртұтас және жалпылама категория ретінде пайдалану негізделеді.