Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешені холдингінің инновациялық потенциалын дамыту

Автор(лар)

  • А. Тулембаев ЖШС «R&D центр «Казахстан инжиниринг»
  • К. Омаров "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ
  • Ж. Mұқамеджанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • Д. Сейдалиева Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Түйін сөздер:

инновация, инновациялық үрдістер, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-констуркторлық әзірлемелер, Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары

Аңдатпа

Кәсіпорындардың инновациялық даму проблемалары инновацияларды дамыту үдерістерін анықтау және құру болып табылады. Бұл процестер барлық бизнес-процестермен өзара байланысты, бірақ кәсіпорын басшылығы тиімді үдерістерді қалыптастырған кезде, стратегиялық аспектілерді ұмытады. Бұл тұрғыда, инновацияны дамыту бойынша қызмет тиімсіз, соның ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кәсіпорындар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді көбіне қарастырмайды. Бұл мақалада қорғаныс өнеркәсібі кешенінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында инновациялық процестерді дамыту және қалыптастырудың басты аспектілері қаралады. Мақалада инновацияларды дамытудың негізгі көрсеткіштері және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарын дамыту бойынша олардың әсері қарастырылып, кәсіпорындардың жұмыс істеудегі проблемалары мен инновацияларды дамытудың іргелі негіздерін қалыптастыру жолдары қамтылды. Осы мақалада қаралған сұрақтар Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында инновациялық процестерді дамытудың өзекті мәселелерін көрсетеді. Бүгінде нарықтық жағдай жағымды, бірақ талдау отандық кәсіпорындардың инновациялық жобаларды жедел іске қосу және іске асыруға дайындығының әлсіздігін байқатты.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 74 |

Жарияланды

2018-09-28

Дәйексөз келтіру үлгісі

Тулембаев, А., Омаров, К., Мухамеджанов, Ж., & Сейдалиева, Д. (2018). Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешені холдингінің инновациялық потенциалын дамыту. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (3 (66), 49-58. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/143

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ЭКОНОМИКА