Қазақстан Республикасындағы реттелетін сатып алу рәсімдерін жергілікті қамту талаптары тұрғысынан талдау

Авторлар

  • Даулет Есмағамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Лариса Құсайынова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Райлаш Турчекенова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-227

Кілт сөздер:

жергілікті қамту, жергілікті қамтуға қойылатын талаптар, қазақстандық қамту, отандық тауар өндірушілерді қолдау, жұмыстар мен қызметтердің отандық жеткізушілерін қолдау, реттелетін сатып алулар

Аңдатпа

Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты Қазақстан Республикасы барлық қатысушы елдердің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өндірушілері үшін тең жағдайлар жасау жөнінде бірқатар міндеттемелер қабылдады. Бұл жағдай отандық өндірушілерге тікелей қолдау көрсетуді қиындатады.

Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың және жер қойнауының қатты пайдалы қазбаларын, көмірсутектер мен уранды пайдаланушылардың сатып алулары (мемлекет тарапынан реттелетін сатып алулар) әртүрлі тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге сұраныстың едәуір көлемін тудырады.

Сондықтан, зерттеу шеңберінде, аталған субъектілердің сатып алуларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге әдеби шолу жүргізілді. Сатып алуларда жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға ықпал ететін нормаларға баға берілді. Қорытындылар бойынша осы нормалардың пәрменділігін арттыру мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.

##submission.downloads##

Жарияланды

2021-12-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Журналдың саны

Бөлім

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УПРАВЛЕНИЕ И ГОСУДАРСТВЕННАЯ СЛУЖБА

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##

##plugins.generic.recommendBySimilarity.heading##

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

##plugins.generic.recommendBySimilarity.advancedSearchIntro##