Ішкі егемендік икемділігі – «түрлі-түсті революцияның» алдын алу факторы
Кілт сөздер:
цветные революции, гибкий суверенитет, конституционная реформа, Казахстан, парламентаризм, демократизацияАңдатпа
Мақалада дербес авторлық гипотеза ұсынылып, талданған. Осыған сәйкес, ішкі мемлекеттік егемендіктің дамығандығының нәтижесінде «араб көктемі» және посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердегі оқиғалар бойынша кеңінен танылған «түрлі түсті революцияның» алдын алу мүмкіндігі бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөздері бастапқы эмпирикалық материал болды. Бірінші жария актісінде 2016 жылдың маусымындағы Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаларға реакциясы баяндалған. 2017 жылдың қаңтарындағы екінші сөзінде Қазақстанның конституциялық құрылысын түбегейлі жаңғыртуға тоқталады. Аталғандарды және «түрлі түсті революция» мен икемді егемендік феноменін ғылыми тәсілдермен салыстыра отырып, автор осы құбылыстардың теориялық және тәжірибелік маңызы бар өзара байланысын көрсетеді.
