Қазақстандағы «ашық үкіметтің» тиімділігін бағалау
Кілт сөздер:
Открытое правительство, открытость, доступность, государственные органы, обращения горожан, открытые НПА, открытые бюджеты, открытые данные, действия пользователяАңдатпа
Халық пен билік арасындағы тығыз қарым-қатынастың кең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қарқынды жаңғырту аясында мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтық, қолжетімділік және айқындық жаңа маңызға ие болуда. Интернет алаңының өсіп жатқан рөліне ерекше жауап ретінде өзара әрекеттесу үлгісімен «мемлекеттік органдар - қоғам» және «қоғам - мемлекеттік органдар» қағидаттарына сәйкес қызмет ететін «Ашық үкімет» деп аталатын мүлдем жаңа кері байланыс механизмі құрылды.
Мақалада egov.kz платформасында «Ашық үкімет» енгізу мен оны іске асырудағы Қазақстанның тәжірибесі қарастырылады. Жинақталған статистикалық және мониторинг деректеріне сүйене отырып, «Ашық үкімет» платформасының пайдаланушылар аудиториясын және оның қызметін кеңейтудің жаңа кезеңіне көшуге мүмкіндік беретін үрдістер анықталды.