Ауылдық аумақтардағы жергілікті өзін-өзі басқару: проблемалары және келешегі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1030

Кілт сөздер:

ауылдық аумақ, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті қауымдастық, жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы

Аңдатпа

Мақалада айтылған мәселенің өзектілігі әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің дамуы мен әл-ауқаты көбінесе елдегі жергілікті өзін-өзі басқару институтының дамуына, оның жергілікті мәселелерді шешудегі дербестігіне байланысты. Ғылыми зерттеудің мақсаты - авторлардың пікірінше Қазақстандағы ауылдық аумақтарында жергілікті өзін-өзі басқару институтын тиімді енгізуді қиындататын негізгі проблемалардың мәнін ашу. Зерттеудің теориялық негізі - жергілікті басқару институтының мәні мен құрылымын талдау болып табылады. Авторлар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың басты проблемасы - дербестіктің болмауы, жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің төмен кірісі және тұрғындардың белсенділігінің төмен деңгейі деген қорытындыға келеді.  Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: зерттеуде ұсынылған теориялық идеяларды, ұсыныстар мен қорытындыларды мемлекеттік органдар осы саланы жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде пайдалана алады. Осы зерттеудің пәні -  Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқаруға қатысты заңнама деп қарастыруға болады. Жұмыс Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін жаңа кешенді зерттеу болып табылады. Жүргізілген талдау негізінде процедураларды зерттеуді ұйымдастырудың тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.

##submission.downloads##

Жарияланды

2023-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УПРАВЛЕНИЕ И ГОСУДАРСТВЕННАЯ СЛУЖБА

Похожие статьи

1 2 3 4 5 6 7 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.