Саяси шешімдерді талдау мен болжау кезіндегі адами фактор: муниципалды билік органдарының проблемалары
Түйін сөздер:
жергілікті өзін-өзі басқару, болжау, когнитивтік бұрмалау, таңдау жағдайлары, болжамдық белгісіздік, басқарушылық шешімдер қабылдау субъектісіАңдатпа
Мақала басқарушылық шешімдерді болжау кезінде қатысатын және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде біліксіз кадрлардың болуы жағдайында айқын көрінетін адами факторды зерттеуге арналған. Әрбір кезеңді талдау кезінде автор шешімдер қабылдау субъектісіне тән, оның логикалық ойлауына, басқару стиліне, көңіл-күй жағдайына негізделген негізгі қателіктерді атап көрсеткен. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік басқару, саясаттану, социология, психология, менеджмент сияқты пәндердің байланысына негізделген. Зерттеудің практикалық бөлігі Украинаның Чернигов облысы Нежинский қалалық кеңесінің атқарушы комитетінің негізінде орындалған. Зерттеу қорытындысы теориялық сипаттағы зерттеулерде, сонымен қатар мемлекеттік биліктің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тікелей тәжірибесінде қолданылуы мүмкін.