Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру
Түйін сөздер:
мемлекеттік қызмет, меритократия, кәсібилік пен тиімділікАңдатпа
Ұсынылған мақалада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің қазіргі жағдайына талдау жасалған және аталған саладағы үздік әлемдік тәжірибе зерделеніп, елдің мемлекеттік қызметін жетілдірудің негізгі шарттары мен қағидасы анықталған, мемлекеттік қызметшілердің адами капиталын нығайту жолындағы бірқатар жүйелі проблемалар анықталған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметіне енгізілетін біріңғай құзыреттер шегі жүйесіне баға берілген. Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибенің негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жүйесіне, стратегиялық HR-менеджмент қағидаларын енгізу мәселесіне және жоғары әкімшілік мемлекеттік қызмет институтын күшейтуге, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыруда инновациялық құралдарды енгізуге қатысты бірқатар нақты шаралар ұсынылған.