TRANSPARENCY OF BENEFICIAL OWNERSHIP: A KEY TOOL IN THE FIGHT AGAINST CORRUPTION
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1248Keywords:
beneficial ownership, transparency, corruption, money launderingAbstract
Халықаралық қауымдастық Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) 24-ші ұсынымын ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және басқа да экономикалық қылмыстарға, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі құралдарының бірі ретінде таниды. Авторлар осы ұсынымның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 138 елде іске асырылуы ФАТФ-тың нәтижелігі мен техникалық сәйкестіктеріңің жалпыланған бағалауға негізделген критерийлері бойынша талдау жүргізді. Transparency International мәліметтері бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен 5 ел (Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сингапур) және жемқорлық деңгейі ең жоғарғы 5 ел (Венесуэла, Гаити, Түркіменстан, Никарагуа және Чад) зерттелді.