Еуропалық одақтың орталық Азиядағы қоғамдық бейнесі: Қазақстан мен Тәжікстан мысалында
Түйін сөздер:
Еуропалық Одақ, Орталық Азия, қабылдау, Қазақстан, ТәжікстанАңдатпа
Мақала Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы қоғамдық бейнесін сараптауға арналған.
Еуроодақтың қоғамдық бейнесін зерттеуінің эмпирикалық негізі ретінде Қазақстан және Тәжікстан мәліметтері қолданылды. Сонымен қатар, мақала аталмыш мемлекеттердің Еуропалық Одақпен қатынастары мен ЕО-ның аймақтағы бейнесі арасындағы өзара байланысын талдайды. Авторлардың пайымдауынша, қарастырылып отырған мемлекеттердің халқы Еуропалық Одақты өзінің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын көздеп отырған, алайда аймақтың дамуын қамтамасыз етуге талпынатын бейтарап актор ретінде қабылдайды. Сонымен қатар, халық Еуроодақты Орталық Азиядағы маңызды актор ретінде қарастырмайды.