Білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында жоғары оқу орындарының әкімшілік-басқарушылық қызметкерлерінің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құзыреттерді қалыптастыру
Түйін сөздер:
білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, жемқорлыққа қарсы мәдениет, қалыптастыруАңдатпа
Мақалада бүгінгі күні жоғары оқу орнының білім беру өрісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іздеу мәселесі талқыланды. Осындай тетік ретінде автор білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау саласында ЖОО әкімшілік-басқарушы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін көтеру қажеттілігін қарастырады. Осы мақсатта «ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға әкімшілік-басқарушы қызметкерлерді дайындаудың әдістемелік жүйесі» курсының бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама мақсаты: тыңдаушыларда Қазақстан Республикасы мен шет елдердің білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ерекшеліктері, қалыптастыру заңдылықтары, ЖОО- да сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру және қамтамасыз ету туралы білімді қалыптастыру.