Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің таралу қаупі және Қазақстан Республикасында оның алдын алу тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1077Түйін сөздер:
Халықаралық қауіпсіздік, аймақтық қауіпсіздік, діни экстремизм және терроризм, Орталық Азия, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік саясат, заңнама, ақпараттық-түсіндіру жұмысы, деструктивті діни ағымдарАңдатпа
Мақалада Орталық Азия мемлекеттерінде діни экстремизм мен терроризм қаупінің таралуының бастапқы кезеңдері қарастырылған. Сондай-ақ, мақалада Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризм проблемасына қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шаралардың дамуына шолу жасалған. Мақалада құқықтық актілерді, мемлекеттік институттарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының қағидаттары мен тәсілдерін талдау негізінде діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл жүйесін дамытудың маңызды аспектілері мен ерекшеліктері қарастырылған. Атап айтқанда, мақалада діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатын жетілдіру барысы сипатталған. Сонымен бірге, мақалада мемлекеттік саясатты жетілдірудің алдағы және перспективалы бағыттарына қатысты зерттеу нәтижелері берілген.