Қаланың халықаралық қатынастардың акторы ретінде қалыптасуы: тарих және қазіргі заман
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1025Түйін сөздер:
қалалар дипломатиясы, желіаралық тораптар, жаһандану, халықаралық қатынастар акторлары, өңірлендіру, экономика, тұрақты даму, өркениеттер тарихыАңдатпа
Бұл мақалада әлемдік саяси жүйеде қалалар мен мегаполистердің рөлі талданады. Жаһандану халықаралық қатынастардың жаңа акторларының пайда болуына ықпал етеді, олардың арасында қалалар мен мегаполистер ерекше рөл атқарады. Қалалардың тұрақты даму мәселелері қаралды. Қалалардың тарихи дамуына шолу жасалды және олардың халықаралық қатынастардың өркениет жүйесіндегі рөлі сипатталды. Осы мақала аясында халықаралық қатынастар жүйесінің құралы ретінде "қалалар дипломатиясының" маңыздылығы қарастырылды.
Қалалық дипломатия - салыстырмалы түрде жаңа құбылыс, алайда соңғы жылдары маңыздылығы арта бастады. Қазіргі уақытта қалалар жаһандық басқарудың маңызды қатысушылары ретінде қарастырылады және олар өз азаматтарына әсер ететін саясатты қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Қалалық дипломатияның басты мақсаты қалалар мен олардың азаматтарының мүдделерін халықаралық аренада ілгерілету болып табылады.