Жолдаумен бірге қадам басқанда – қоғамның әйелдер бөлігінің әлеуетін елдің игілігі үшін пайдалану
Кілт сөздер:
государственная политика, демографическое развитие, стандарты социальных услуг, гендерное равенствоАңдатпа
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берік қоғам құру сатысындағы әйелдердің рөліне ерекше мән берілген. Президенттің: «Біз әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеру үшін барлық жағдайды жасаймыз» деген сөздері бүгінгі күні ана мен бала мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетіндігін бейнелеп, қоғам мен мемлекет алдына жаңа міндеттер жігін ұсынып отыр. Қазірдің өзінде бұл міндеттердің еліміздің әйелдері үшін өз шешімін табатындығына сеніміміз мол, себебі гендерлік теңдік бойынша Қазақстан Президент айқындап берген мақсатқа жақын тұр, ол - алдыңғы қатарлы 30 елдің құрамына ену мәселесі.
