Делиберативті демократия «құлақ салушы мемлекет» тұжырымдамасының негізі ретінде
Кілт сөздер:
делиберативная демократия, участия граждан в процессе управления, концепция «слышащего государства», эффективное управление, процесс принятие решенииАңдатпа
Қоғам тарапынан сынға ұшырап отырған өкілді демократияның дағдарысы қазіргі мемлекеттердің жүйелі проблемасына айналып отыр. Осы тұрғыда, азаматтардың қатысуына негізделген делиберативті демократия қоғамдағы саяси көңіл толмаушылыққа конструктивті жауап болуы мүмкін деген байлам жасауға болады. Мақалада делиберативті демократия тұжырымдамасының сыни және оң аспектілері қаралады.
Осымен қатар, Қазақстанда азаматтардың шешім қыбылдау процесіне қатысуын кеңейту саяси тұрақтылықтың тиімді ресурсына айналып, сенімге негізделген азаматтық қоғамды дамытуға жаңа екпін бере алады деген пайым жасалады.