ҚАЗАҚСТАНДА ТОҒЫЗЫНШЫ ОРНЫҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Авторлар

  • Regina Andekina Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan
  • Serzhan Kapaev Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan
  • Tunç Tunç Ankara Yıldırım Beyazıt University

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1435

Кілт сөздер:

research and development, innovation, sustainable development goals, economic growth

Аңдатпа

Қазақстанның орнықты дамуы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) сияқты халықаралық бастамаларға сәйкес ұлттық экономикалық стратегиялардың интеграциясымен байланысты. "Берік инфрақұрылым құру, ауқымды және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу" орнықты дамудың тоғызыншы мақсатының негізгі міндеттерінің бірі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) инвестициялардың өсуімен және кадрлық әлеуетті дамытумен тығыз байланысты ғылыми зерттеулер мен технологиялық әлеуетті жандандыру болып табылады.

Бұл зерттеуде ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жеткіліксіздігі, бизнестің қатысу үлесінің төмендігі және Қазақстандағы зерттеушілер санының аздығы сияқты мәселелер қарастырылады. Бұл аспектілер, тұрақты дамудағы маңызды рөліне қарамастан, толық шешілмеген күйінде қалып отыр. Сондықтан, берілген мақалада регрессиялық талдау және халықаралық тәжірибе деректеріне салыстырмалы талдау негізінде елдегі жағдайды айтарлықтай жақсартуға бағытталған ұсыныстар келтірілген.

: 1395
: 37

##submission.downloads##

Жарияланды

2025-06-27

Похожие статьи

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.