«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ» ЖУРНАЛЫ
Құрылтайшысы және басып шығарушысы: «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК
ISSN: 1994 – 2370 (Print)
ISSN: 2959 – 0302 (Online)

 

​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​

 

Құрметті авторлар,

Қолжазбаларыңызды біздің журналдың онлайн жүйесі арқылы жіберуге шақырамыз: https://journal.apa.kz/index.php/path/about/submissions.


«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» - рецензияланатын және жылына төрт рет ашық түрде шығатын журнал. Журнал мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында пікір-алмасу алаңын ұсынады. Сол себепті, отандық зерттеушілерді, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін және шетелдік сарапшыларды өздерінің түпнұсқалық зерттеулерін жариялауға шақырамыз.
Қолжазбалар міндетті түрде кем дегенде екі рецензиялаудан өтеді. Барлық авторлар үшін журналда жариялану тегін болып табылады. Қабылданған мақалалар ашық түрде журналдың сайтында жарияланады. Журнал мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар және экономика салалары бойынша диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізілген. Мақалалар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарияланады. 

Журналдың негізгі бағыттары: мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, халықаралық қатынастар, экономика.

 

Авторлар мақалаларын міндетті түрде журналдың талаптарына сәйкес дайындауы тиіс. Толық ақпарат: https://journal.apa.kz/index.php/path/information/authors.

 

Жарияланым кестесі

Нөмір Шығу күні Материалдарды қабылдау мерзімі
1-нөмір 30 наурыз 1–30 желтоқсан
2-нөмір 30 маусым 1–30 наурыз
3-нөмір 30 қыркүйек 1–30 маусым
4-нөмір 30 желтоқсан 1–30 қыркүйек

Ағымдағы басылым


					Көрсету  Нөмір 1 № 96 (2026): МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Осы журнал нөмірі мемлекеттік басқару, экономика және халықаралық қатынастар салаларындағы заманауи трансформациялық үдерістерді кешенді талдауға арналған. Ұсынылған мақалаларда мемлекеттік институттардың дамуы, мемлекеттік қызметті жетілдіру, саяси мәдениеттің эволюциясы және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері қарастырылады. Мемлекеттік басқаруды цифрландыру және оның мемлекеттік қызметтердің сапасы мен адами капиталдың дамуына әсері ерекше назарға алынған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, өңірлік даму және энергетикалық тұрақтылық мәселелерін қамтитын экономикалық зерттеулер ұсынылған. Халықаралық қатынастар бөлімінде жария дипломатия, «жұмсақ күш» және басқарудың инновациялық модельдері, оның ішінде agile тәсілдері талданады. Жалпы алғанда, бұл шығарылым жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның дамуын айқындайтын институционалдық және цифрлық өзгерістерді зерттеуге бағытталған.

Жарияланды: 2026-03-30

Барлық шығарылымдар

PUBLIC ADMINISTRATION AND CIVIL SERVICE

ECONOMY