«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ» ЖУРНАЛЫ
Құрылтайшысы және басып шығарушысы: «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК
ISSN: 1994 – 2370 (Print)
ISSN: 2959 – 0302 (Online)

 

​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​

 

Құрметті авторлар,

Қолжазбаларыңызды біздің журналдың онлайн жүйесі арқылы жіберуге шақырамыз: https://journal.apa.kz/index.php/path/about/submissions.


«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» - рецензияланатын және жылына төрт рет ашық түрде шығатын журнал. Журнал мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында пікір-алмасу алаңын ұсынады. Сол себепті, отандық зерттеушілерді, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін және шетелдік сарапшыларды өздерінің түпнұсқалық зерттеулерін жариялауға шақырамыз.
Қолжазбалар міндетті түрде кем дегенде екі рецензиялаудан өтеді. Барлық авторлар үшін журналда жариялану тегін болып табылады. Қабылданған мақалалар ашық түрде журналдың сайтында жарияланады. Журнал мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар және экономика салалары бойынша диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізілген. Мақалалар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарияланады. 

Журналдың негізгі бағыттары: мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, халықаралық қатынастар, экономика.

 

Авторлар мақалаларын міндетті түрде журналдың талаптарына сәйкес дайындауы тиіс. Толық ақпарат: https://journal.apa.kz/index.php/path/information/authors.

 

Жарияланым кестесі

Нөмір Шығу күні Материалдарды қабылдау мерзімі
1-нөмір 30 наурыз 1–30 желтоқсан
2-нөмір 30 маусым 1–30 наурыз
3-нөмір 30 қыркүйек 1–30 маусым
4-нөмір 30 желтоқсан 1–30 қыркүйек

Ағымдағы басылым


					Көрсету  Нөмір 4 № 95 (2025): МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналы
№ 4 (95), 2025 жыл

2025 жылғы журналдың қорытынды саны жаһандық трансформация жағдайындағы мемлекеттік басқару, экономика және халықаралық қатынастардың өзекті мәселелеріне арналған. Ұсынылған ғылыми зерттеулерде институционалдық сенім, мемлекеттік қызметтің тиімділігі, мемлекеттік органдардың коммуникациялық қызметі, сондай-ақ жария басқару жүйесіне цифрлық және зияткерлік технологияларды енгізу мәселелері қарастырылады.

Экономикалық даму аспектілеріне ерекше назар аударылып, құрылымдық өзгерістер, цифрлық мемлекеттік басқару, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру, әлеуметтік мобильділік және ресурстарды тұрақты басқару мәселелері талданады. Авторлар Қазақстан Республикасының ұлттық тәжірибесімен қатар, халықаралық озық тәжірибелерге де талдау жасайды.

Халықаралық қатынастар бөлімі стратегиялық әріптестік, энергетикалық дипломатия, жаһандану жағдайындағы ұлттық бірегейлік, көлік-логистикалық әлеует, киберқауіпсіздік және климаттық құқықты дамыту мәселелерін қамтиды. Жарияланымдар өңірлік және жаһандық үрдістерді көрсетіп, зерттеушілер, тәжірибешілер және мемлекет пен қоғамның даму мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандар үшін құнды болып табылады.

Журнал редакциясы барлық оқырмандар мен авторларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жаңа мақалалар мен ғылыми ынтымақтастықты асыға күтеді!

Жарияланды: 2025-12-29

Барлық шығарылымдар

PUBLIC ADMINISTRATION AND CIVIL SERVICE

ECONOMY

INTERNATIONAL RELATIONS