Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалық менеджмент («Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық офисі мысалында)
Түйін сөздер:
жоба, жобалық басқару, жобалық басқару стандарты, жобалық офис, тиімді басқару, жобалық менеджмент қағидаттарыАңдатпа
Мақалада әлемдік тәжірибеде қазіргі заманғы тиімді басқару технологиясы болып табылатын жобалық менеджмент қағидаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мүмкіндіктері талданады. Жобалық менеджмент шекті ресурстар жағдайында ерекше нәтиже алуға бағытталған уақытша кәсіпорын ретінде Қазақстанның мемлекеттік басқару секторындағы бюджет ресурстарын тиімді пайдалануды қарастырады. Мақаладағы жасалған негізгі қорытындылар мен ұсыныстар жобалық менеджментті дамыту жөніндегі халықаралық стандарттарға, Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары мен заңнамаларына негізделген.
Жарияланды
2019-06-29
Дәйексөз келтіру үлгісі
Есберген, Р., Қуанжанова, Қ., Мусиралина, Б., & Султанбеков, А. (2019). Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалық менеджмент («Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық офисі мысалында). Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2 (69), 9-17. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/91
Шығарылым нөмірі
Бөлім
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ