Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы халықаралық даудағы Лианкур аралының проблематикасы

Автор(лар)

  • Айгерим Турханова Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Бота Байдәулетова Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Айнұр Исаева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-675

Түйін сөздер:

Лианкур, Оңтүстік Корея, Жапония, территориалды қақтығыс, экономика

Аңдатпа

Халықаралық қатынастар тәжірибесінде аумақтық тиістілігіне байланысты халықаралық даулар мен қақтығыстар жиі байқалады, бірақ қазақстандық зерттеу ортасыңда Лианкур аралдарына (тастарына) байланысты дауды аз зерттеген мәселелердің біріне жатқыздыруға болады. Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы аумақтық дау Лианкур аралдарының маңызы мен екі ел үшін экономикалық және саяси құндылығы туралы сұрақтарды туындайды. Авторлар Лианкур аралдарының мәселелерін геосаяси және геоэкономикалық тиімділік тұрғысынан қарастырады, өйткені дәл осы аралдардың аумақтық тиесілігін анықтау халықаралық дауда қай тараптың жеңетінін немесе жеңілетінін білдіреді. Соңғы жылдары Лианкур аралдарының меншігіне қатысты дау барған сайын шиеленісе түсті, әр тарап бұл аралдардың шығу тегі мен иелігі туралы өз нұсқасын алға тартады. Аралдардың ауданы бойынша үлкен емес және жартасты құрылымдар болғанына қарамастан, олардың экономикалық әлеуеті зор, өйткені соңғы мәліметтерге сәйкес, аралдарда пайдалы қазбалардың үлкен кен орындары бар. Аралдарға қатысты аумақтық дау және осы аралдарға тиесілі болу мәселесі екі мемлекет үшін аймақтағы халықаралық ықпалдың символына айналды. Лианкур аралдарына меншік құқығы мәселесі көп қырлы сипатқа ие және бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыру Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы халықаралық даудың мәнін жақсырақ ашуға мүмкіндік береді.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 158 |

Жарияланды

2022-11-22

Дәйексөз келтіру үлгісі

Turkhanova, A., Baidauletova, B., & Isayeva , A. (2022). Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы халықаралық даудағы Лианкур аралының проблематикасы. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (3 (82), 53-61. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-675

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары