Мәслихаттардың құрамын сандық және сапалық талдау (Қарағанды облысының мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-74-3-15-22Түйін сөздер:
жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті мемлекеттік басқару, жергілікті қоғамдастық, облыстық мәслихат, қалалық мәслихат, аудандық мәслихат, мәслихаттар құрамыАңдатпа
Мәслихаттардың жергілікті халықтың өзін-өзі басқару органы ретінде алатын орны ерекше. Қазіргі кезде мәслихаттардың жұмысын жандандыру және олардың мәртебесін көтеру күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр. 2016 жылы сайланған облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар құрамы қандай, ол жергілікті тұрғындардың барлық топтарын қамти алды ма деген сұрақтарға жауап іздеу зерттеу жұмысының негізгі орындалу себебін түсіндіреді.
Мақаланың негізгі мақсаты - жергілікті өкілдік органдардың, соның ішінде Қарағанды облысындағы мәслихаттардың депутаттар құрамына талдау жасау. Алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін облыстық, бірқатар қалалық және аудандық мәслихаттар құрамына сандық және сапалық талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде байқағанымыз жергілікті мәслихаттарда сандық және сапалық құрамы бойынша жергілікті тұрғындардың барлық топтарының қатысуы біркелкі емес. Бұл қорытынды Қарағанды облыстарындағы әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар құрамына талдау жасағанда анықталды. Басқа мәслихаттар құрамы өзгеше болуы мүмкін.
Болашақта бұл жұмыстың нәтижелері жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша бағдарламалар дайындауға, саясаттану, мемлекеттік басқару, саяси менеджмент және т.б. пәндер бойынша дәрістерге дайындық үшін қолданылуы мүмкін.