Жоғары оқу орындарында студенттерге бизнес модульдерін оқытуда жобалар басқару әдістерін қолдану

Автор(лар)

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1175

Түйін сөздер:

жобалық менеджмент, жобаларды басқару тренингі, жобаға бағытталған оқыту, IT менеджмент

Аңдатпа

Зерттеу мақсаты - Бұл шолудың мақсаты – жоғары оқу орындарында бизнес пәндерін және «Жобаларды басқару» жеке курс ретінде оқытуда қолданбалы жобаларды басқару әдістеріне шолу нәтижелерін ұсыну және осы тәжірибенің нәтижелерімен мүдделі тараптармен бөлісу.

Таңдалған зерттеу әдістемесі «оқытудағы жобаларды басқару әдістері», «оқытудың инновациялық әдістері» және «жоғары оқу орындарында жобалық менеджментті қолдану» сияқты байланысты тақырыптар бойынша соңғы ғылыми жарияланымдарды іздеу арқылы тақырып бойынша әдебиеттерге шолу болып табылады. Сонымен қатар, зерттеуді күшейту үшін сауалнама түріндегі сандық әдістеме таңдалды.

Зерттеудің өзектілігі - қоршаған ортаның тез өзгеруіне және білім беру саласына және оның ережелеріне енгізілген сәйкес өзгерістерге байланысты жоғары оқу орындарында оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдерінде (мысалы, кейбір қазақстандық білім беру жүйесінде аралас оқыту кеңінен таралған тәжірибе ретінде).

Зерттеудің жаңалығы - оқу процесінде жобалық басқару тәсілдері тақырыбы бойынша көптеген ғылыми зерттеулердің жоқтығымен және пән бойынша іргелі білім мен қабылдауды студенттердің қалай оңай қабылдауы мүмкін екендігімен расталады.

Осы жұмыстың қорытындысы ретінде, алынған деректер студенттердің жобаны басқару және бизнеске қатысты модульдер туралы қабылдауы мен кері байланысы туралы берілген. Сауалнаманың нәтижелері пәнді оқытудың қолданбалы әдістерінің қаншалықты тиімді және пайдалы болғанын көрсетеді, бұл авторларға алынған мәліметтерді талдауға және оларды оқу үдерісінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 98 |

Жарияланды

2024-04-03

Дәйексөз келтіру үлгісі

Borashova, S., Artykbayeva, A., Ibadildin, N., & Kenzhin, Z. (2024). Жоғары оқу орындарында студенттерге бизнес модульдерін оқытуда жобалар басқару әдістерін қолдану. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (1 (88), 25-35. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1175

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары