Азаматтардың сотта қорғалу құқығын қамтамасыз ету және сот төрелігіне қол жетімділіктің жүзеге асырылуы
Түйін сөздер:
сот төрелігіне қолжетімділік, соттық қорғау, сот, адам құқығы, судья, сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар, заң, кепілдіктерАңдатпа
Мақала сот жүйесі дамуының өзекті мәселелеріне, соның ішінде сот төрелігіне қол жетімділік, азаматтардың құқықтарының сот арқылы қорғалуы сұрақтарына арналған. Қазіргі уақытта сот төрелігіне қол жетімділік мәселесі Қазақстан үшін XX ғасырдың 90-жылдарының басынан көтеріле бастады.
Бүгінгі күні судьялардың мәртебесін бекітуге, сот төрелігін жүзеге асыруға, биліктің бөліну қағидасын қамтамасыз етуге, сот төрелігі рәсімі мен сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін барлық заңдық инфрақұрылымды жетілдіруге сот-құқықтық реформаны жетілдіру сұрақтарына
ерекше назар аударылуда.
Авторлар сот төрелігіне қол жетімділікті жүзеге асыру мен оның халықаралық-құқықтық стандарттарына сәйкестігіне баға берілген. Сот төрелігінің қол жетімділігі мен тиімділігін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілген.