Жаңа жаһандық ахуалдағы экономикалық дипломатияның рөлі
Түйін сөздер:
экономикалық дипломатия, жаңа жаһандану ахуалы, жаһандану, сыртқы саясат, ақылды күш, геоэкономика-геосаясаттық әлем тәртібіАңдатпа
Мақалада жаңа жаһандық ахуалда экономикалық дипломатияның рөлі мен маңызы қарастырылады. Халықаралық қатынастардың заманауи жүйесінде басым түсіп отырған экономикалық факторға байланысты, сыртқы саясаттағы «жұмсақ» және «қатты» әсер ету тәсілдерін қиыстыратын экономикалық дипломатия феноменінің өзектіленуі айтылады. Мемлекеттің сыртқы саясатының маңызды құралы болып табылатын экономикалық дипломатияның өзектіленуінің басты факторына айналған жаһандану үдерісінің ықпалы айрықша назарда ұсталады. Автор халықаралық жүйенің қазіргі ахуалын геоэкономика мен геосаясаттың қоспасы немесе геоэкономика-геосаясаттық әлем тәртібі ретінде қарастыра отырып сипаттайды. Бұл тәртіп дәстүрлі геосаясаттың белгілерін сақтай отырып, әлемдік саясатта экономикалық факторлардың ықпалының өсуіне бейімделеді.