Салықтардың әлеуметтік функциясының генезисі
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-314Кілт сөздер:
пооходный налог, фунекция налогов, система налогообложения, физические лица, стимулирование инвалидов, социальная политикаАңдатпа
Мақала салықтардың әлеуметтік функциясының болуын негіздеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі жеке тұлғалардан алынатын салықтар бір уақытта мемлекеттің салықтық және әлеуметтік саясатының элементтері болуға тиіс екендігімен негізделген. Салықтардың фискалдық рөлі жеткілікті түрде толық зерттелген. Алайда, мақалада жүргізілген ғылыми әдебиеттерге талдау әлеуметтік функция, әдетте, бай мен кедей азаматтар арасындағы кірісті қайта бөлумен ғана анықталатынын көрсетті. Осыған байланысты зерттеу салықтардың әлеуметтік әсерінің басқа аспектілерін ашады. Автор салықтың әлеуметтік функциясына анықтама беріп қана қоймай, оны шетелдік тәжірибеде енгізу механизмін ашады. Зерттеу барысында танымның жалпы әдістері (дедукция мен индукция, талдау мен синтез, сипаттау мен жалпылау) мен жеке ғылыми таным әдістері (салыстыру әдісі, деректерді ұсынудың кестелік және графикалық әдісі) қолданылды.