Талибан 2.0 үкіметінің легитимділік мәселесі шеңберіндегі Ауғанстан-Пәкістан қарым-қатынастың қазіргі жағдайы

Авторлар

  • Қайрат Абуов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Айболат Дәлелхан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Камилла Шерьязданова ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1075

Кілт сөздер:

Ауғанстан, Пәкістан, талибан, қауіпсіздік жүйесі, Орталық Азия қауіпсіздігі

Аңдатпа

Мақалада Ауғанстанда билікке екінші мәрте келген талибтердің стратегиялық ұстанымдары мен сыртқы саяси қарым-қатынастарының сипаты талқыланған. Бүгінгі Ауғанстан үкіметіне Талибан 2.0 деген шартты атау бере отырып, оның Талибан 1.0 билігімен ұқсастығын әрі айырмашылығын зерттеген. Талибан 1.0 билігін алғашқы болып таныған және өзге мемлекеттердің мойындауына ықпал еткен Пәкістан мемлекеттінің бүгінгі Талибан 2.0 билігіне қатысты ұстанып отырған саяси пайымына кешенді талдау жасалған. Талибан 2.0 билігінің легитимдік мәселесіне қатысты аймақтық және жаһандық ойыншылардың ұстанымдары зерделенген. Ауғанстанмен де-факто қатынастар орнатып, әр түрлі деңгейде ынтымақтасып жатқан мемлекеттердің геосаяси пайымдарына реалистік теория тұрғысынан баға берілген. Сонымен қатар, мақала авторлары саяси реализм тұрғысынан Ауғанстан болашағын сценарий жасау тәсілі арқылы бағалауға тырысқан.

##submission.downloads##

Жарияланды

2023-12-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Журналдың саны

Бөлім

МЕЖДУНАРОДНЫЕ ОТНОШЕНИЯ

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)

Похожие статьи

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.