Беларусь Республикасының инвестициялық құқығының орны мен рөлі туралы
Түйін сөздер:
инвестициялық құқық, халықаралық инвестициялық құқық, салыстырмалы инвестициялық құқық, шаруашылық құқық, инвестициялық заңнама, Беларусь Республикасының инвестициялық құқығының негізгі санаттарының мазмұны, Беларусь Республикасында инвестициялық, шаруашылық құқығын оқытуАңдатпа
Мақалада Беларусь Республикасының инвестициялық заңнамасының даму кезеңдері қарастырылады, Беларусь Республикасының инвестициялық құқығының шаруашылық құқықтың кіші саласы ретіндегі орны, инвестициялық құқық теориясын әзірлеу қажеттігі, халықаралық инвестициялық құқық, тиісті заңнаманы жүйелі түсіндіру және қолдану мақсатында салыстырмалы инвестициялық құқық, отандық экономиканы дамытуды құқықтық реттеудің тиімді үлгісін құру, шаруашылық және инвестициялық құқық ара қатынасы мәселелері, олардың мақсаттары, міндеттері, жақын болашақтағы рөлі туралы қорытынды шығарылады. Автор қазіргі жағдайда инвестициялық құқықты оқытудың кейбір мәселелеріне, оларды шешу тәсілдеріне, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі дағдарысты экономикалық құбылыстардың алдын алу үшін осы бағыттағы зерттеулердің мәніне сипаттама береді.