Облыс және Астана, Алматы қаласы әкімдіктерінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшалары: салыстырмалы талдау
Түйін сөздер:
ғаламтор, облыс әкімдіктері, ресми сайт, ресми сайттардың негізгі мәзірлері, әлеуметтік желілер, әлеуметтік желілердегі парақшаларАңдатпа
Ғаламтордың кеңінен таралуы шарттарындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы жаһандық құбылыс болып табылады. Бұл Интернеттің ХХІ ғасыр азаматтарының санасын толықтай жаулауына мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы қоғам Интернет пайда болғаннан кейін жаңа дамыған ақпараттық кезеңге өтті. Бүгінде Интернет ақпараттың мінсіз қайнар көзі болуымен қатар, байланыстың жеңіл тәсіліне айналды.
Мақалада Қазақстан Республикасындағы облыс және Астана, Алматы қалаларының ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі материалдары қарастырылады. Зерттеудің нысаны – облыс әкімдіктері мен Астана және Алматы қаласы әкімдіктерінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшалары болып табылады. Зерттеу пәніне ресми сайттардағы негізгі мәзірлер және әлеуметтік желілердегі парақшалар материалдарының берілуін талдау жатады.