Төртінші өнеркәсіптік революция: мәні және негізгі қағидалары
Түйін сөздер:
Жолдау, ақпараттық қоғам, технологиялар, Индустрияландыру 4.0, цифрландыру, интеллектуалды, жаңғыруАңдатпа
Бүгінде әлемдік қауымдастық төртінші өнеркәсіптік революция туындатқан қарқынды технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге қадам басты. Жалпы анықтамаларға сәйкес, төртінші өнеркәсіптік революция – Заттар мен қызметтердің жаһандық өнеркәсіптік желісіне бірігу келешегімен интеллектуалды жүйелермен басқарылатын, толықтай автоматтандырылған цифрлық өндіріске өту.
Мақалада төртінші өнеркәсіптік революцияның мәні мен негізгі қағидалары қарастырылады. Төртінші өнеркәсіптік революцияның кейбір ерекшеліктері анықталады. Қазақтан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауына ерекше назар аударылады. Зерттеу нысаны ретінде төртінші өнеркәсіптік революция саналады. Зерттеу пәніне төртінші өнеркәсіптік революцияның мәні мен негізгі қағидалары жатады.