Жария дипломатия заманауи сыртқы саясаттың тиімді құралы ретінде
Түйін сөздер:
жария дипломатия, дипломатия, жұмсақ күш, сыртқы саясат, бедел, ілгерілетуАңдатпа
Бұл мақалада әртүрлі авторлар елдің сыртқы саяси қызметінің айрықша бағыты ретінде ұсынатын жария дипломатия ұғымы қаралады. Халықаралық аренада елдің беделін қалыптастыруға және ілгерілетуге мүмкіндік беретін жария дипломатияны іске асыру тиімділігін анықтау үшін жария дипломатия жүйесі дамыған елдердің - АҚШ-тың, ЕО елдерінің, Ресейдің, Қытайдың және басқалардың тәжірибесі зерттелді. Қазақстанда жария дипломатия мүмкіндіктерін пайдалану мемлекетті шетелде оң қабылдау үшін дәстүрлі дипломатия қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыста елдің шетелде танымалдығын арттыруға мүмкіндік беретін жария дипломатия элементтері ретінде Қазақстанның халықаралық бастамалары қарастырылады.