Қазақстанның білім беру жүйесіне ақпарат және байланыс технологияларын енгізу: қиындықтар мен мүмкіндіктер

Автор(лар)

  • Бауыржан Боқаев Сиракуз университеті
  • Зулфия Төребекова Сиракуз университеті
  • Жұлдыз Давлетбаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-75-4-32-43

Түйін сөздер:

білім беру, цифрландыру, электронды үкімет, АКТ құзыреттіліктері

Аңдатпа

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) білім беру процесінде маңызды рөл атқарады және олар оқытушылар мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттесудің қуатты құралына айналуда; компьютерлік қосымшалар оқытудың пайдалы ресурстарын ұсыну және студенттердің білімін жетілдіру үшін қолданылады.

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу аясындағы білім беру саясаты қарастырылған. Осыған байланысты мақалада Қазақстандағы мектептер мен университеттерді компьютерлендіру деңгейі, мұғалімдердің құзыреттілігі, сондай-ақ халықтың компьютерлік сауаттылығы талданады. Ресми құжаттардан, есептерден және білім берудің ресми көздерінен алынған мәліметтер мен ақпараттарға сүйене отырып, авторлар Қазақстан үкіметі АКТ-ны «цифрлық қоғамды» құру және білім сапасын арттыру үшін қолданады деген қорытындыға келді.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан АКТ-ны білім беру процесінде қолдануға көп күш салуда, ал тиісті мемлекеттік саясат мектептердегі компьютерлер санын көбейтуге, университеттерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты жаңа мамандықтарды ашуға, сонымен қатар халықтың компьютерлік сауаттылығын жетілдіруге бағытталған. Алайда, қаржыландырудың жетіспеуі және мұғалімдерді даярлау мен қайта даярлау бойынша кешенді жұмыстардың болмауы, сондай-ақ елдің кейбір аймақтарында Интернет жылдамдығының төмендігі салдарынан бұл процесс әлі де жетілдіруді қажет етеді.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 2155 |

Жарияланды

2020-12-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Bokayev, B., Torebekova, Z. ., & Davletbayeva, Z. . (2020). Қазақстанның білім беру жүйесіне ақпарат және байланыс технологияларын енгізу: қиындықтар мен мүмкіндіктер. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4 (75), 32-44. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-75-4-32-43

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары