ЗИЯТКЕРЛІК КӨШІ-ҚОН САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1206Түйін сөздер:
зияткерлік көші-қон, білім беру көші-қоны, иммиграциялық саясат, иммиграция, ҰлыбританияАңдатпа
Бұл мақалада білім беру жүйесі дамыған және мигранттар үшін тартымды еңбек нарығы бар Ұлыбританияның мысалында зияткерлік көші-қон саласындағы халықаралық тәжірибе талданады.
Зерттеуде кейс-стади әдісі қолданылып, нормативтік құжаттарға талдау жасалды.
Ұлыбританияның иммиграциялық саясатының ерекшеліктері, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени әртүрлілігіне әсері зерттелді, сонымен қатар оның тиімділігін арттыру және қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Зерттеу нәтижелері көші-қон ағындарын басқарудағы кешенді тәсілдің маңыздылығын және жаһандану дәуірінде тұрақты даму мен өркендеуге ықпал ететін зияткерлік мигранттардың табысты интеграциясы үшін жағдай жасау қажеттілігін атап көрсетеді
Ғылыми зерттеу 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, «Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер және келесі тақырып бойынша: ИРН АР13067766 «Білім беру көші- қоны саласындағы саясатты өзгерту: шетелде тұратын қазақстандықтардың зияткерлік әлеуетін пайдалану стратегияларын әзірлеу» басымдығы бойынша жүзеге асырылды.