Қазіргі кездегі Орталық Азия өңірінің су-энергетикалық ресурстар мәселелері

Автор(лар)

  • С. Кожирова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж. Кенжегали Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Түйін сөздер:

Орталық Азия өңірі, су-энергетикалық ресурстар, трансшекаралық өзендер, су саясаты, энергетикалық қауіпсіздік

Аңдатпа

Мақалада Орталық Азия өңір елдеріндегі тұрақтылықты қамтамасыз етудегі су-энергетикалық ресурстардың бөліну сипаты қарастырылады. Су-энергетикалық ресурстарды пайдаланудағы қайшылықтар мен оларды шешу жолдары талданады. Өңірдегі су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану үшін кеңестік кезеңнің ескірген кешендерін жетілдіруде жаңа жолдарды іздестіру мүмкіндігі қарастырылады. Мақалада Орталық Азия мемлекеттері үлкен көлемдегі су- энергетикалық ресурстар қорына ие бола отырып, ортақ шешімге келе алмай отырғандығы айтылады. Мемлекеттер өздерінің жеке экономикалық пайдасын көздеуі негізінде су мәселелерін шешуде қарым-қатынастарға кедергі жасап отырғандығы сөз болады. Авторлар өңірдегі су- энергетикалық ынтымақтастық бір ортақ мәмілеге келіп, бірлескен шешімдер қабылданбағанша, су-энергетикалық ресурстар тапшылығы жылдан-жылға арта береді деген болжамдар жасаған.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 78 |

Жарияланды

2016-06-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Кожирова, С., & Кенжегали, Ж. (2016). Қазіргі кездегі Орталық Азия өңірінің су-энергетикалық ресурстар мәселелері. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2), 21-29. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/283

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ