Этникалық кәрістердің Қазақстандағы рөлін зерттеу: Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл аудару
Түйін сөздер:
Қазақстан халқы Ассамблеясы, этникалық кәрістер, этникалық азшылықтар, Қазақстан, кеңестік кәрістерАңдатпа
Қазақстанда этникалық кәрістер оңтайлы имиджге ие және этникалық азшылық арасындағы негізгі топ болып табылады. Осыған байланысты мақала олардың қазақстандық қоғамға сәтті бірігуінің себептерін айқындау әрекетіне көрініс береді. Осының жауабын табу үшін мақалада этникалық кәрістердің кеңестік кезеңдегі және тәуелсіз Қазақстанда рөлі қарастырылады. Тұрақтылықтың себебі ретінде екі факторды атап өтуге болады.
Бірінші фактор – кәріс халқының ерекше бейімделушілік қабілеттері және Кеңес Одағында өмір сүрген кәрістерден берілген достық қасиеттері. Екінші фактор – Қазақстанның және оның мамандандырылған механизмі ҚХА-ның толеранттылығы мен ұлттық саясатының бірізділігі.