Crossmark Саясаты

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналы Crossref ұйымы ұсынатын Crossmark сервисін пайдаланады. Бұл сервис оқырмандарға жарияланған мақаланың ағымдағы мәртебесін тексерудің стандартталған тәсілін және редакциялық үдеріске қатысты қосымша метадеректерді көруге мүмкіндік береді. https://www.crossref.org/services/crossmark/

Crossmark логотипін басу арқылы оқырмандар мақаланың алғашқы жарияланымынан кейін оған қатысты қандай да бір жаңартулар, түзетулер немесе кері қайтарып алу (ретракция) жарияланған-жарияланбағанын тексере алады.

2020 жылғы № 1 (72) санынан бастап журналда жарияланған барлық мақалалар Crossmark метадеректерімен қамтамасыз етіледі және осы саясаттың аясында қарастырылады.