Қабылдау туралы хабарландыру

Шақырылған редактор (Guest Editor)
Профессор Джоанна Палишкевич - Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің (SGGW, Польша) профессоры, Менеджмент институтының директоры. Білімді басқару, сенім және цифрлық трансформация салаларындағы халықаралық деңгейде танылған сарапшы.
200-ден астам ғылыми жарияланым мен бірқатар монографиялардың авторы және тең авторы, халықаралық ғылыми жобалар мен академиялық ынтымақтастықтарға белсенді қатысады. Жетекші халықаралық журналдардың редакциялық алқаларының мүшесі, ғылыми ұйымдарда жетекші қызметтер атқара отырып, менеджмент пен ақпараттық жүйелер саласындағы зерттеулердің дамуына елеулі үлес қосып келеді.
МАҚАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Мемлкеттік басқару және мемлекеттік қызмет» ғылыми журналының
арнайы шығарылымы № 2 (96) 2026: «Мемлекеттік басқаруды цифрландыру және жасанды интеллект»
Құрметті әріптестер!
«Мемлкеттік басқару және мемлекеттік қызмет» ғылыми журналы зерттеушілерді, оқытушыларды, докторанттарды, практиктер мен сарапшыларды мемлекеттік басқаруды цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбына арналған журналдың № 2 (96) санына ғылыми мақалаларын ұсынуға шақырады.
Шығарылым тақырыбы редакциялық алқа талқылауының нәтижесінде және Мемлекет басшысының Цифрландыру және жасанды интеллект жылы туралы Жарлығына сәйкес айқындалды. Арнайы нөмір цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялаудағы рөлін ғылыми тұрғыдан зерделеуге, сондай-ақ олардың басқарушылық тәжірибелерге, институционалдық дамуға және мемлекеттік қызметтердің сапасына ықпалын талдауға бағытталған.
Негізгі бағыттар
Қарастыруға мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, экономика, халықаралық қатынастар бағыттары бойынша, соның ішінде шетелдік бірлескен авторлықтағы мақалалар қабылданады:
- мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы;
- электрондық үкімет және платформалық шешімдер;
- мемлекеттік органдар қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолдану;
- цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті құқықтық реттеу;
- жасанды интеллектті мемлекеттік секторда пайдаланудың этикалық, әлеуметтік және құқықтық аспектілері;
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі киберқауіпсіздік және деректерді қорғау;
- мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттері;
- цифрлық мемлекетті дамытудың халықаралық және салыстырмалы тәжірибесі.
Шақырылған редактор:
Prof. Dr. Joanna Paliszkiewicz
Institute of Management, Warsaw University of Life Sciences – SGGW
02-787 Warsaw, Poland
https://paliszkiewicz.pl/
Жауапты редактор:
Мерей Муратова — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Мемлекеттік басқару, цифрландыру және жасанды интеллект қолданбалы зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Астана, Қазақстан
Email: journal@apa.kz
Мерзімдер
- Мақалаларды қабылдау кезеңі: 2026 жылғы 1 наурыз – 30 сәуір
- Нөмірдің шығу күні: 2026 жылғы 30 маусым
Мақалаларға қойылатын талаптар
Жарияланымға қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі бұрын жарияланбаған түпнұсқа ғылыми мақалалар қабылданады.
Барлық қолжазбалар рецензиялау (double-blind peer review) рәсімінен және мәтіннің түпнұсқалығын тексеруден өтеді.
Авторлар журналдың ресми сайтында жарияланған талаптарды қатаң сақтауы тиіс:
https://journal.apa.kz/index.php/path/information/authors
Негізгі талаптар:
- ӘОЖ және МҒТА кодтарын көрсету;
- мақала атауы, аннотация және түйінді сөздер үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын);
- автор туралы мәліметтерді жеке файлда ұсыну;
- мәтіннің құрылымы (кіріспе, әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды);
- әдебиеттер тізімін дұрыс рәсімдеу және транслитерациялау;
- мақала көлемі - 7 000 сөзге дейін;
- мәтіннің бірегейлік деңгейі — кемінде 80 %.
Қабылдау тәртібі
Қолжазбалар көрсетілген мерзім ішінде тек журналдың электрондық жүйесі арқылы қабылданады.

