Қазақстандағы трансшекаралық өзендер проблемаларын шешуде су дипломатиясының тиімділігін арттыру
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-986Кілт сөздер:
transboundary rivers, Kazakhstan, Central Asia, water diplomacy, inter-state disputes, institutionsАңдатпа
Бұл құжатта трансшекаралық өзендерге қатысты Қазақстан алдында тұрған экономикалық мәселелер қаралады және су саясатын іске асыру жөніндегі қағидаттарға негізделген шешімдер ұсынылады. Қазақстанда бірнеше трансшекаралық өзен бассейндері бар екеніне қарамастан, бұл зерттеу тек Сырдарияға бағытталған, себебі оның ел экономикасы үшін маңызы зор және өзен жиі саяси даулардың көзі болып келеді. Сырдария өзені Қазақстанға жетпес бұрын Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан аумағын кесіп өтеді. Жоғары ағыста орналасқан елдер Қырғызстан мен Тәжікстан өзенді электр энергиясын өндіру үшін пайдаланса, Өзбекстан мен Қазақстан оған ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін мұқтаж. Суды пайдаланудағы айырмашылықтар аймақтағы қақтығыстарды тудырады. Көршілер суды ағызу кестесі, энергия мен су саудасының механизмі туралы ортақ келісімге келе алмай келеді. Су саясаты туралы жанжалдар мен аймақтық келісімдер жағдайларын сапалы зерттеу тараптардың рөлдері мен міндеттері нақты анықталмағандықтан, келісім туралы ынтаның болмауы, объективті ақпарат алмасудың жеткіліксіздігіне байланысты мемлекеттер арасында сенім проблемалары бар екенін көрсетеді. Бұл зерттеу жалпы мониторинг жүргізетін, жағдайды талдайтын аймақтық бірлескен ұйым құруды ұсынады.
