Арктика бағыты бойынша Норвегия саясаты: докриналық негіздеме

Авторлар

  • Yermek Chukubaev al-Farabi Kazakh National University
  • Dastan Kalibekuly al-Farabi Kazakh National University
  • Adilbek Yermekbayev al-Farabi Kazakh National University

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-658

Кілт сөздер:

Arctic region, doctrinal basis of Norway, Arctic strategy, military policy, military-political strategy, international cooperation

Аңдатпа

Мақалада Арктикадағы норвегиялық саясаттың доктриналық негізінің ерекшеліктері, сондай-ақ аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әскери-саяси стратегиясы қарастырылған. Норвегиялық саясаттың доктриналық негізі Арктикалық стратегияны бірінші орынға қояды. Норвегия – Скандинавия елдерінің арасында Арктикалық аймақтың құқықтық мәселелерін жүйелі түрде реттеу жұмысымен ерекшеленеді, сонымен қатар басқа мемлекеттер үшін аймақтық және халықаралық деңгейде өз мүддесін қорғау механизмін әзірлеудің үлгісі болып табылады. Норвегия Арктикадағы көмірсутек қорын игеруге, қоршаған ортаны қорғауға, баламалы энергетика мен ғылымды қажет ететін технологияларды енгізуге негізделген жасыл экономиканы дамытуда инновациялық көзқарасымен ерекшеленеді. Норвегияның Арктикалық аймаққа қатысты саясатының доктриналық негізі нақты бағыттармен сипатталады, ондағы басымды, негізінен халықаралық ынтымақтастық, бизнес пен білімді дамыту, инфрақұрылым, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларға дайындық болып табылады. Норвегияның Арктика аймағындағы саяси доктриналарының тұжырымдамалық негізі Арктиканың тұрақты дамуы мақсатында білім, ғылым мен бизнестің бірігуінен тұрады. Норвегия доктринасында Арктикалық аймаққа қатысты қауіпсіздік мәселелер мен әскери-саяси стратегия маңызды рөл атқарады. Бұл мәселелер NORDAC (Скандинавиялық қару-жарақ ынтымақтастығы), НАТО сияқты халықаралық қатынастармен және Ресеймен екіжақты қарым-қатынас пен серіктестікті қолдау арқылы реттеледі. Норвегияның қауіпсіздік саясатында басты рөл НАТО стратегиясы болып табылады, ол Арктикадағы әскери іс-қимылдың жүйелі жаттығуларына және соңғы Қырым оқиғаларына байланысты Норвегияның белгілі бір миссияларды орындауына негізделген.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

МЕЖДУНАРОДНЫЕ ОТНОШЕНИЯ

Похожие статьи

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.